МАЭК энергоблогінде жөндеу жұмыстары аяқталды

20 тамыз 2023, 14:29

"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблокта жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді.

 

Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті.

 

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеулер алынып тасталды (Мұнай және өнеркәсіп секторын қоса алғанда).

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz