Нарық

Мәжіліс депутаттары ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады

  • Мәжіліс депутаттары ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады

    Мәжіліс депутаттары ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады

Ескі банкноттар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталды
Мәжіліс депутаты Айгүл Жұмабаева Ұлттық банктен ескі банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартуды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл 1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталды. Ал 3 наурызда 1000 теңгелік банкнот айналымнан шығады.

Депутаттың айтуынша, ескі банкноттар облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан Ұлттық банктің филиалдарында ғана айырбасталды.

"Ақ жол" фракциясына өтініш білдірген азаматтардың айтуынша, карантин мен жүріп-тұрудағы шектеулерге байланысты көптеген тұрғынның банкноттарды уақытылы айырбастауға мүмкіндігі болмаған. Облыс орталықтары мен алыстағы ауылдардың ара қашықтығын ескерсек, жол құны айырбастайтын сомадан да асып кетуі мүмкін", - деді Жұмабаева Ұлттық банктің төрағасына жолдаған депутаттық сауалында.
Ұлттық банктің ақпаратынша, банкноттарды ауыстыру мерзімінің аяқталуына байланысты 2006 жылғы үлгідегі банкноттар Қазақстанда қабылдануға, айырбастауға жатпайды және заңды төлем құралы болып саналмайды. Бұл шешім тәуелсіздіктің бір белгісі болып табылатын ұлттық валюта &ndash теңгемізге елдің сенімін жоғалтады. Қазіргі кезде адамдардың қолында адал еңбегімен жиналған әр жылғы ескі теңгелер бар, деп жалғастырды депутат.

Осыған байланысты мәжілісмендер көрсетілген номиналдағы банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартуды, сонымен қатар Ұлттық банктің филиалы жоқ елді мекендерде банкноттарды екінші деңгейлі банктерде айырбастау мүмкіндігін қарастыруды сұрады.

Сондай-ақ, олар Ұлттық банк филиалдарында айналымнан шыққан барлық банкнотты айырбастау уақытын шектемеу қажет деп есептейді.
 




Көрілген: 2213    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.02.2021, 14:50

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30