Нарық

Маңғыстау әкімі халыққа неліктен 1%-пен кредит беріліп жатқанын түсіндірді

  • © Sputnik / Наталья Селиверстова

    © Sputnik / Наталья Селиверстова

Дәл қазір Маңғыстау облысында тұрғындарға 1%-пен кредит беріліп жатыр. Көптен бері қолға алынған жоба жүзеге асты. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде "Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберіндегі Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында өңір басшысы Ералы Тоғжанов айтты.


"Бұл әңгіменің шет жағасын осы уақытқа дейін айтып өткен болатынмын. Іс жүзінде бұл жоба (1%-пен кредит беру — Sputnik) жүзеге асты. Әр түрлі компаниядан инфрақұрылымға бөлінетін қаржы осы жобаға салынды. 900 миллионды "Даму" қорымен бірлесіп өзіміз таптық. Аталған қор бізге 1,8 миллиард теңге ақша берді", — дейді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлы.


Сонымен қатар, әкім осы жобаға қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгіменің болғанын жасырмады. Осы орайда, алға қойылған негізгі үш мақсат болғанын айтып өтті. Біріншіден — ақшаны айналымға жіберу, екіншіден — жаңа өндіріс орындарын құру, үшіншіден — осы өндіріс орындары арқылы халықты жұмыспен қамту.


"Өндіріс орындары пайда болса, біз салған ақшаны үш жылдан кейін қайтарып аламыз. Яғни бұл салық арқылы келетін ақшалар. Сол себепті ақшаны айналымға жіберіп отыру тиімді. Біртіндеп орта шағын бизнеске 3 миллиард, келесі жылы 6 миллиард, арғы жылы 9 миллиард теңге жұмсаймыз", — деді әкім.


Тағы оқыңыз: Арман Тосқанбаев қазақстандық бизнесмендерге несие алмауға кеңес берді


Бұдан өзге әкім Маңғыстау облысы шағын және орта бизнесті дамыту бойынша 24% көрсеткішке ие болып отырғанын айтты. Бұл аталған аймақтағы басты бағыттардың бірі болғандықтан, міндетті түрде алдағы жылдары жүзеге асырылмақ.


Sputnik 




Көрілген: 1464    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.12.2018, 15:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30