Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Маңғыстау облысында құны 1 млрд теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды

25 сәуір 2023, 10:15

Маңғыстау облысында құны 1 миллиард теңгеден асатын комбинат мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды.

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты "Тазалық-С" ЖШС сенімгерлік басқаруына берілген.

 

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы мәліметінше, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

 

Соның ішінде комбинат арнайы техникамен толық қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимер құбырлар өндірісі іске асырылмаған.

 

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол қанағаттандырылған.

 

Апелляциялық сатыда сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

 

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.