Нарық

Маңғыстаулық көпбалалы келіншек күніне 2 мың кір сабын жасайды

  • Маңғыстаулық көпбалалы келіншек күніне 2 мың кір сабын жасайды

    Маңғыстаулық көпбалалы келіншек күніне 2 мың кір сабын жасайды

Маңғыстаулық келіншек кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық кір сабын жасап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 29 жастағы көпбалалы ана Гүлзия Қойлығұлова Маңғыстау-1 ауылының тұрғыны. Ол Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының Бизнес идеяны іске асыру бағыты бойынша оқуға қатысады.

Басында Гүлзия балаларға арналған аттракцион ашуды жоспарлаған. Алайда, оқу барысында маркетингілік талдау, сұраныс деген ұғымдарды үйреніп, ойын өзгертеді. Нарықты зерттей отырып, сұранысқа ие кір сабын жасау бизнесіне тоқталған. Қажетті құрал-жабдықтарын алып, сабынды шығаратын және кесетін құрылғыларын сатып алады. Бүгінде Гүлзия Атамекен ауылында орналасқан кішігірім цехта күніне 2 мыңға жуық сабын шығарып отыр. Дайын өнімдерін ауданның орталық базарына, қала супермаркеттеріне жеткізеді. «Менің бір айдағы таза табысым 100 мың теңгеге дейін жетеді. Ендігі жоспар - кір сабынды кептіретін және сыртын қаптап шығаратын құрылғыларды алу. «Бастау Бизнес» жобасы арқылы осындай ерекше кәсіптің ашылуына септігін тигізгеніне риза боламын. Білікті мамандарымыздың кәсіптің негіздеріне үйретіп, бағыт бергені қуантады»,- деді Гүлзия Қойлығұлова.




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 02:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31