Нарық

Марченко қазір Қазақстан экономикасының құлдырап бара жатқанын айтты

  • Марченко қазір Қазақстан экономикасының құлдырап бара жатқанын айтты

    Марченко қазір Қазақстан экономикасының құлдырап бара жатқанын айтты

 Ұлттық Банктің экс-басшысы, экономист Григорий Марченко ел экономикасына коронавирус пандемиясының тигізер кесірін жасырмай айтты, bairaq.kz.

«Он шақты күн бұрын Ұлттық экономика министрінің орынбасары шығып, эпидемия ешқандай әсер етпейтінін айтты. Бұл нәрсенің қалай орын алғанын білмеймін. Оны біреу халықты сабырға шақыр деп жұмсаса керек. Бірақ, ол асыра сілтеп жіберді», - деді ол.

Марченконың айтуынша, қазіргі жағдайға баға берген сарапшылар өте асығыстық танытып отыр. Өйткені, олардың өзі эпидемияның қашан аяқталатынын және экономикаға қандай залал келтіретінін білмейді. Біз құр сөзді сапырып әлі отырмыз, экономика құлдырап барады...

«Неге құр сөзді сапырып отырмыз дедім: біріншіден, экономикаға соққы болып тиіп жатқан эпидемия әлі аяқталған жоқ. Сондай-ақ, біздің экономиканы тұрақты қалпында ұстап қалуға деген нақты қадамымыз жоқ», - деді Ұлттық Банктің экс-басшысы.

Ол өз сөзін былай түсіндірді: бір ай ішінде жұмыссыз қалғаны үшін миллион адамға жәрдемақы төленді. Ал миллион адамның табыссыз қалуы Жалпы ішкі өнім көрсеткішінде анық байқалады-мыс.

Марченко Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан сияқты мұнай экспортерларының қазіргі ахуалы қиын екенін, экономикаға бұл да оңай сынақ болмайтынын атап өтті.

«Демек, біз үш түрлі экономикалық ситуациядан шыққан жоқпыз. Енді осындай дүдәмал кезде қалай баға беруге болады?» - деді ол.

bairaq.kz.




Көрілген: 1194    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 00:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30