Нарық

Мемлекет БЖЗҚ-ның ерікті салымшыларына сыйақы төлеуі мүмкін

  • © islam.kz

    © islam.kz

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтарды ерікті зейнетақы жарналарын аударуға ынталандыратын ұсыныстар әзірледі. Олардың ішінде мемлекеттен сыйақылары мен жұмыс берушілер үшін салықтық жеңілдіктер бар.


1 сәуірдегі жағдай бойынша ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,9 млрд теңгені құрады. ЕЗЖ (ерікті зейнетақы жарнасы) орта шотының мөлшері – 50 мың теңге. Сарапшылардың пікірінше, қазақстандықтардың ерікті аударуына қосарланған салық салу кедергі келтіреді.


«Мұндай жинақтар теңіздегі тамшы екені түсінікті. ЕЗЖ нарығы біздің елде іс жүзінде жоқ. Сондықтан мұнда радикалды шаралар қажет. Мысалы, бізде әзірге кіруде және шығуда ерікті жарналарға салық шегерімдері салынады. Бұл жүйені біз өзгерткіміз келеді. БЖЗҚ ерікті зейнетақы жарналарының нарығын өзгерте алатын ұсыныстарды әзірлеп, Ұлттық Банкке берді», — деді БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңесте қаржы ұйымының Басқарма төрағасы Жанат Құрманов.


Қор басшысының айтуынша, бүгінде қазақстандықтар осындай жинақтарға салық шегерімдерін қолдана алады, бірақ процедураның күрделілігіне байланысты Салық комитетіне адамдар жүгінбейді. Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметкерлері бизнес үшін ынталандырулар әзірледі.


«Біз, өз пайдасына ерікті зейнетақы аударымдарын жасайтын жұмыс берушілерге өзінің кәсіпорындары үшін салық шегерімдерін алуды ұсындық. Әрине, шегерімдерге белгілі бір шектеу қойылады», — деп мәлімдеді БЖЗҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Сәуле Егеубаева.


Қазақстанда үкімет инфляцияны ескере отырып, ерікті жарналар бойынша олардың қайтарылуына кепілдік бермейді. Егер инвестициялық қызметтің нәтижесі теріс болса, ерікті зейнетақы жинақтары бойынша төлемдер аударымдардың өзінен төмен болуы мүмкін.


«Халықаралық тәжірибе негізінде, біз азаматтардың ерікті зейнетақы жинақтарын мемлекеттен бірлесіп қаржыландыруды ұсындық. Осыған ұқсас бағдарламалар бүгінде Қазақстанда бар — олар тұрғын үй жинақтары, білім беру бағдарламалары. Егер сізде жұмыс беруші болмаса, онда мемлекет көмектесе алады», — деді «БЖЗҚ» АҚ стратегиялық даму және актуарлық есеп департаментінің директоры Камила Фазылова.


Сәуле Егеубаеваның айтуынша, шетелде көбінесе бұл тәжірибе азаматтардың белгілі бір санаты үшін қолданылады. Бірақ, БЖЗҚ тәжірибені ел тұрғындарына қолдануды ұсынды.


«Қазіргі уақытта құжатты Ұлттық банк қарастыруда, содан кейін ол талқыланатын болады және тек осы қосымшалар заңнамаға енгізілетін түзетулерге айналады», — деді С. Егеубаева.


Айта кетейік, ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде банк комиссияларын алып тастау үшін БЖЗҚ өз сайты арқылы ЕЗЖ төлеуді әзірлеуге ниетті.


«Біз барлық адамдар үшін қызығушылық тудыратын экожүйе мен өнімді жасауға тырысамыз», — деп сендірді Жанат Құрманов. 


islam.kz




Көрілген: 456    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.05.2019, 10:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31