Мемлекеттік кәсіпорын 1 теңгеге сатылады

25 қазан 2021, 09:19

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласындағы абаттандырумен шұғылданатын кәсіпорындарды1 теңгеге бағалады. Құрылтайшысы Мамлютка ауданының әкімдігі болып табылатын "Мамлютское 1" ЖШС аукцион арқылы сатылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Петропавлск.news сайтына сілтеме жасап.

 

Мұндай аукциондарда, әдетте, жабық мектептер, суқұбырлары, су мұнаралары, клубтар мен зауыттар сатылады. Мысалы, "Мұнаймаш" зауытының 30% акциясы бар-жоғы 455 млн теңгеге сатылған.

 

4 қарашада "Мамлютское 1" ЖШС сатылатын аукцион өтеді. Кәсіпорын қарызына байланысты меншігіндегі ғимарат, автокөліктер, тұрмыстық техника 1 теңгеге бағаланды.

 

Аукионның бастапқы бағасы 100 теңге болмақ. Аукцион сайты арқылы кәсіпорынның кәсіби бағалауын көруге болады. Айта кету керек, кәсіпорынның бюджетіне өткен жылы 6 миллион бөлінген.

 

Adata.kz сайтының мәліметінше мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы кәсіпорын 32 млн теңгеге тең 31 келесімшарт жасасқан.