Нарық

Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді

  • Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді

    Мемлекеттік кірістер комитеті өткен жылдың көлік салығы неге есептелгенін түсіндірді

Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініш иесінің басым көпшілігінің көлігі 2020 жылы сатылған. Қазақстандықтар көліктерін сатқан кезде, оны уәкілетті органның тіркеуінен алып тастамайды немесе қайта рәсімдемейді.

"Салық міндеттемелеріне түзету енгізуге түскен 1507 өтініштің 1282-сі 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты болып тұр, бұл - 86%", - деп хабарлады мемлекеттік кірістер комитеті.

Қалған 225 өтініш сенімхат арқылы сатылып кеткен көлік иелеріне тиесілі.

"Салық органдары салық заңнамасының нормаларына сәйкес уәкілетті органның берген мәліметі негізінде 2019 көлікке салынатын салықты 2020 жылы, ал 2020 жылдың салығын 2021 жылы есептейді", - деп хабарлады комитет.

Сонымен қатар, наурыз айында коронавирус пандемиясының басталуына байланысты салық органдарында азаматтардың жаппай шоғырлануын болдырмас үшін қазақстандықтарға салық салынбаған.

Қазір салық органдары азаматтарға 2019 жылға және өткен жылдарға тиесілі, соның ішінде 2020 жылы сатылған көліктерге қатысты салық берешегі туралы мәліметті жаппай таратып жатыр. 2019 жылғы және одан бұрынғы салықты төлемей, көлігін биыл сатып жіберген азаматтарға қарызы туралы хабарлама жіберілді.

Жеке тұлғалар салық сомасын өзі есептей алады, оны 31 желтоқсаннан кешіктірмей төлеу керек.

Көлікке салынатын салықты есептеу үшін мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы "Салық калькуляторы" сервисін пайдалана аласыз. 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30