Мемлекеттік кірістер комитеті SalyqBot кеңесшісін іске қосты

01 наурыз 2022, 19:59

Мемлекеттік кірістер комитеті @SalyqBot салық кеңесшісін іске қосты.
 
"Салық және кеден мәселелерін халыққа түсіндіру, халықты хабардар ету және кері байланыс алу мақсатында Telegram-да чат-боты іске қосылды. Чат-ботты 1 наурыздан бастап "@SalyqBot" атауымен немесе https://t.me/salyqbot тікелей сілтемесі арқылы табуға болады", - делінген ведомство хабарламасында.
 
@SalyqBot  кеңесшісі қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.
Кеңесшіде мына функциялары бар:
 
пайдаланушыға салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты лезде алуына мүмкіндік береді;
 
салық төлеушілерге көлік құралдары салығы мен өсімақыны өз бетінше есептеуге көмектеседі;
 
қажетті анықтамалық ақпаратты білуге, салық күнтізбесін пайдалануға мүмкіндік береді;
 
жеке немесе заңды тұлғаның қажеттілігіне байланысты пайдалы жаңалықтар мен хабарламалар жібере алады;
 
пайдаланушыларға МКК қатысты өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейне сабақтар мен бейне нұсқаулықтар арқылы мәлімет береді;
 
заңды тұлғалар үшін төленген сомалар туралы ақпаратты білуге мүмкіндік береді.
Чат-боттың мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс орталығына келіп түсетін өтініштер негізінде әзірленген деректер базасы бар. Бұл пайдаланушыға оператордың қатысуынсыз салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға лезде жауап алуға мүмкіндік береді.
Пайдаланушы әрқашан да берілген жауаптарға баға қоя алады, сонымен қатар сұрақ қоюға, чат-бот операторына тікелей өтініш жазу мүмкіндіктері қарастырылған.