Мереке күндеріне арналған доллар бағамы

29 сәуір 2022, 19:26

Доллардың 30 сәуір мен 1-3 мамырға арналған ресми бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мереке күндері доллар бағамы 446,38 теңге болады. Айта кетейік, америкалық валютаның 29 сәуірдегі ресми бағамы 448,49 теңге.

 

30 сәуір мен 3 мамырда рубльдің ресми бағамы 6,36 теңге болады.

 

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу - 445,44 теңге, сату - 449,97 теңге.

 

Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 444,83 теңгеден сатып алынып, 448,65 теңгеден сатылып жатыр.