Нарық

Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді?

  • Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді?

    Мигранттар да салық төлейді, декларация тапсырады, бірақ бұл қаншалықты тиімді?

Енді елімізге үй шаруасында жұмыс істеуге келетін мигранттар  табыс декларациясын тапсырады, қазынаға салық төлейді. Ел үкіметі осылайша мигранттарды қатаң бақылауға алмақ. Еліміздің «Еңбек-көші қон» Заңына енгізілген өзгертулер мен түзетулер осыған үндеп отыр.
Бұдан былай құжат бойынша ішкі еңбек нарығымызға еніп, нәпақа тауып жүрген мигранттар тапқан табысына орай әр ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіштен, 5 айлық есептік көрсеткішке дейін салық төлеуге міндетті. Бастапқыда үш ай жұмыс істеген жеке тұлға,  еліміздің заңдарын бұзбаса, еңбек нарығындағы талаптарды сақтаса оның жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін ұзартылады. Мерзімі өткен соң бір жылдан кейін үйіне қайтарылады.Міне, осылайша талапты қатаңдатып отырмыз. Ал енді біз осы мигранттардың жұмыс қолына қаншалықты тәуелдіміз? Сырттан келген жұмысшылардан түскен салық қазынамызға қандай деңгейде  түсім әкелмек? Сараптап көрелік...
Салық пен табыс үйлесе ме?
Экономика және бюжджетті жоспарлау министрлігінің есебінше, егер біз елдегі мигранттарға тапқан табысына орай 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде  салық салатын болсақ, бұл 3236 теңгені құрайды, ал салық 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде салынатын болса 8090 теңгені құрамақ.  Шамамен осындай салықтық норма енгізілсе жыл сайын бюджетке түсетін түсім 4 және 6 млрд теңге болмақ. Десек те, мигранттарға енгізілген салықтың түріне қатысты сарапшыларымыз «біздің салып отырған салық пен олардың тауып отырған табысының көлемі үйлеспейді» дейді. Сарапшылардың пайымдауынша, елге келіп тек қана үй құрылысымен айналысатын мигранттардың табысы айтарлықтай жоғары.

Меруерт МОЛДАБАЕВА, әлеуметтанушы:
- Салық нормасы ТМД елдерінен елімізге визасыз тәртіппен келетін мигранттарға, оның ішінде заңсыз еңбек мигранттарының басым бөлігін құрап отырған Орталық Азия өңірі елдеріне  бағытталады. Рұқсатнама алдымен 3 айға беріліп, кейіннен бір жылға ұзартылмақ.Енді есептеп көріңізші, бір ғана өзбек елінен келгентөрт жұмысшы  бірігіп үй құрылысын салды делік. Олардың  әрқайсысы ай сайын 1000 доллардан табыс табады, яғни 150 мың теңгенің көлемінде өзіне түсім түсіреді. Сол 150 мың теңгенің 3236 теңгесін немесе 8090 теңгесін ғана салық ретінде мемкелекетке төлесе, қалған табысы өзінің қалтасында қалады емес пе?!Сондықтан да мигранттарға салынатын салықты өз басым өте төмен деп есептеймін. Меніңше, олар біздің елімізге келіп табыс тапқан соң табысының жоқ дегенде 10 пайызын салық есебінде қазынаға аударып отыруы керек. Халықаралық ұйымдардың2013жылғы санағы бойынша Қазақстанда жарты миллионнан астам мигрант жан бағып жүр. Олардың үштен екісі Өзбекстаннан; 25 пайы¬зы Қырғызстаннан; ал қалған мигранттар Тәжікстан және ТМД-ның тағы басқа елдерінен келген. Кейбір мекемелер «елімізде алдағы жылдары мигранттар саны 1 миллионға дейін жетеді, қазірде олардың 300 мыңдайы ғана заңды түрде тіркеліп жұмыс істейді» деген деректерді алға тартуда. Сонда осындай жайттарды қалайша тасада қалдырамыз? Олар елімізге олартобымен келіп табыстарын еселеп жатыр. Біз оларды маңдайдан сипап, жылыұшырауға бейілміз.
Тәжік пен өзбек неге алаңдайды?
Жалпы, Қазақстанның мигранттарға салық жүйесін енгізуіне, олардың табысына, елге енетін санынан қатысты шектеулер қоюуына  қатысты біраз елдердің мигранттары да, шенеуніктері де алаңдаушылық білдіріп отыр. Мысалы, бұл ретте Тәжікстанның экономикалық және сауда министрі Зайнидин Муминов«қазақ тарабы тәжік мигранттарына шектеу қояр болса, бізден барып нәпақа тауып жүрген 70 мың жұмыс күшінің ахуалы нашарлайды. Бұл біздің абдырататын жайт» дейді. Негізінде, Тәжікстаннан Қазақ еліне енетін жұмыс күшінің саны 100 мыңнан астам, сол 100 мың тәжіктің 70 мыңы отандық базарларымызда сауда-саттық жасаумен айналысуда. Аңдасақ, тәжіктің экономика және сауда министрінің алаңдайтын жөні де бар. Өйткені оның 70 мың тәжік ағайыны біздің елде аз «нәпақа» тауып жүрген жоқ.
Бұған қоса өзбек елінененетін мигранттар да Ресейдегі «расизм» оларға жиі қауіп тудыратынын; сондықтан да олар үшін мәдениеті мен діні ұқсас Қазақ елінің аумағында жұмыс істеу өте қауіпсіз екенін, сондықтан талаптың күшейтуіне алаңдайтындықтарын  ашып айтуда.
Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-ғалым:
–Күн сайын Қазақстанға ағылған сыртқы жұмыс күші өсіп отыр.  2012 жылы Ресей өкіметі Тәжік елінен келті¬ріл¬ген жеміс тасуға мүлде тыйым сал¬ды. Артынша біз де бұған белгілі бір шектеулер енгіздік. Қазір біздің талапты бұлайша қатайтуымыз  мигранттарды алаңдатып отыр.
Білікті маман легін жасақтаудың  орнына құрылыста¬рымызды біз сол сырттан келетін сауат¬сыз жұмыс күшіне салғызып отырмыз. Жаңағы гастарбайтерлер қалталарына қыруар қаржыны басып алып елдеріне кетеді. Оларды арзан жұмыс күші деу орынсыз. Олардың елімізге келіп тауып жатқан табысы қомақты. Олар елімізге тобымен келіп дағдыланып алды. Енді  бізге заңды қатайту керек. Мысалы, біз қазір мигранттарды мәжбүрлеп елдеріне қайтара алмаймыз, ал қатаң¬датылған заң болса, олар заңды орындауға; мемлекетіміздің заңына мойынсұнуға міндетті.  Сондықтан заң талаптарын күшейткен дұрыс.
Мигранттан келер қауіп қандай?
Мигранттар мәселесін сөз еткенде мамандардың айтары нақ қазір біз үшін сырттан келетін жұмыс күшін қаптата берудің еш мәні жоқ. Себебі елде жұмыссыз азаматтар саны бүгінде 1,5 млн-ға жетті. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған отандық азаматтардың көрсеткіші де аса жоғары емес. Сондықтан болашақта бұл мәселені ба¬йыппен шешу керек.
«Мигранттарды кедей, әлеуметтік жағдайы нашар, қорғансыз деп қабылдамауымыз қажет. Керісінше, олар қорғансыз емес, қауіпті» дейді мамандар. Мәселен, деректерге жүгінсек,  республика көлемінде жасалатын қылмыс атаулының 40 пайызы осы сырттан келетін жұмыс күшінің ықпалымен болатын көрінеді. Бұдан соң олардың басым бөлігі заңсыз сауда айналымына әбден машықтанып алған. Елге заңсыз тауарлардың енуіне де арада делдал болатын осы мигранттар көрінеді.
Ақиқатында, олардың елімізге келгендегі бар мақсаты – өз қалтасына қаржы басу, өзінің жанын бағу. Ал мемлекетімізге жанышырлық пейілдері аса көріне қоймайды. Ендеше шынымен де мамандар сөз етіп отырғандай мигранттарға мейірімді болғанша, өзіміздің қаракөздерімізді жұмыспен қамтудың тетігін қарастырғанымыз абзал. Біз үшін өзекті мәселе нақ қазір осы болуы тиіс...




Көрілген: 1730    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.01.2014, 14:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді
    20 Желтоқсан 2021
    Қош бол, касса аппараты!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31