Нарық

Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

  • Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

    Министр Атамқұлов үй бағасына қатысты болжам жасады

Министрлік керамика өндіретін тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қазақстанда тұрғын үй бағасы қашан тұрақталатынын болжады, деп хабарлады "Хабар 24".

Министр құрылыс материалдарын шығаратын жаңа кәсіпорындар ашылатынын айтты. Қазір осы бағытта министрлікте бірқатар жоба қарастырылып жатыр. Бейбіт Атамқұловтың пайымынша жаңа өндірістер баспана бағасының шарықтауын тоқтатады.  

"Елімізде өндірілетін бірқатар материалдың тізбегі жасақталды. Бүгінде 35 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа өндірістер. Бірінші кезекте сан-фаянс пен өзге де керамика шығарамыз. Бүгінде керамика өндіретін 3 зауыт жұмыс істейді", - деді Атамқұлов "Национальный интерес" бағдарламасына берген сұхбатында.

Алайда, оның айтуынша, өндіріс көлемі аз. Министрлік тағы 3 кәсіпорынды іске қосып, елімізді керамикалық материалмен 100 процент қамтамасыз етуды жоспарлап отыр.

Министрдің болжамынша тұрғын үй бағасы келесі жылы тұрақталады.

"Менің болжамымша баға бір қалыпқа келеді. Қазір сұраныс болған соң құрылыс компаниялары үйді салып жатыр", - деп  түйіндеді Бейбіт Атамқұлов.

sputnik.kz




Көрілген: 524    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.11.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31