Нарық

Министр азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттағанын айтты

  • Министр азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттағанын айтты

    Министр азық-түлік бағасы қаншаға қымбаттағанын айтты

Бұл туралы  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов  АӨК-ті дамытудың негізгі бағыттары және инвестициялық жобаларды іске асыру туралы өткен  Үкімет отырысында айтты.
Азық-түлік қауіпсіздігі АӨК кешенін дамытудың басты міндеті болып тұр. Ол азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйімен тікелей байланысты. 23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлары бағасының өсуі  2,4 пайыз деңгейінде тіркелді. Импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысқа ие тауарлар мен маусымдық көкөністер дәстүрлі түрде қымбаттайтын. Осы түрлері қымбаттады, - деді Сұлтанов. 
Ол атағандай, олардың жалпы өсімге қосқан үлесі 2 пайызды құрады. 

Азық-түлік тауарларының бағасы өндірісі мен тұтыну теңгеріміне ғана емес, экспортталатын және импортталатын өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағымдар сыртқы нарықтың бағалары ішкі нарыққа әсер етеді, - деді ол. 
Сұлтанов атағандай, тұрақтандыру қорларының саны жеткілікті емес. 

3,7 млрд теңгеге 25 мың тонна ғана қалыптасқан. Олардың жалпы көрсеткіші 0,2-1,4 пайызын құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға әсер етпейді. Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды. Мәселен, Ақтөбе облысында 2020 жылы қант, қарақұмық, күнбағыс майының және жұмыртқаның бағасы едәуір өсті. Бұл ретте бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды. Сондықтан Тұрақтандыру қорларының тек тәуекелі жоғары импорттық тауарларға шоғырдандыру арқылы қайта қарауды ұсынамын , - деді Сұлтанов.

BAQ.KZ




Көрілген: 976    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.03.2021, 10:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30