Нарық

Министр азық-түліктің қымбаттау себебін түсіндірді

  • © Sputnik / Александр Вильф

    © Sputnik / Александр Вильф

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының не себепті өсіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Біз барлық жерде пияз, сәбіз, картоп, күріш, ұн бағасының елеулі өскенін байқап отырмыз. Бағаның өсуіне – өндірістің реттелмеуі, тиімсіз делдалдың тым көптігі, азық-түлікті сақтау шартының орындалмауы және тұтынушыға дейін кепілдендірілген жеткізу арналарының жоқтығы себеп", - деді Сұлтанов үкімет отырысында.


Сондай-ақ, министр ішкі нарықтағы бағаға ЕАЭО-ға мүше елдердегі жағдай да әсерін тигізетінін атап өтті.


"Ресей мен Қазақстан бағалары арасында айқын оң корреляция көрінеді. Ресейде бағаның өсуіне байланысты біздің бағаларымыз да, экспорт көлемі де өсуде", - деді ведомство басшысы.


Айтуынша, дизель отыны бағасының өсуі де азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына себеп болған.


Ұлттық экономика министрлігінің ақпаратынша, жылдық инфляция 5,4% деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның өсуіне азық-түлік тауарлары ең көп әсер еткен.


Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары Нұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларында көп қымбаттаған.


Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында сәбіз (2,4 есе), пияз (85,5%), картоп (82,4%), күріш (21,6%) және ұн бағасы (20,8%) айтарлықтай өсті.


Республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының арасында келесі өнімдерге бағалардың ең көп өсуі байқалады:


пияз - 79,0%;

сәбіз - 59,3%;

картоп – 32,9%;

күріш - 23,8%;

бірінші сұрыпты ұн - 15,3%.


 




Көрілген: 634    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.08.2019, 12:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31