Министр етті Қытайға сатуға байланысты қазақстандықтардың наразылығына жауап берді

26 қазан 2020, 21:40

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ОКҚ өткен онлайн брифингте қазақстандықтардың елімізден Қытайға жеткізілетін ет көлемінің ұлғаюына байланысты наразылығына жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

"Әлеуметтік желілерде азаматтар сіздің министрліктің Қазақстаннан Қытайға ет жеткізуді ұлғайтуға ниетті екендігіне наразы. Азаматтардың пікірінше, бастапқыда етті ішкі нарықта сату мәселесін шешу қажет, өйткені ет бағасы өсті. Ал кейбір аймақтарда, мысалы Атырау облысында тапшылық бар", - деп журналистер министрге сауал қойды.

 

Сұлтанов Қазақстан етпен өзін толығымен қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

 

"Егер экспорт туралы айтар болсақ, кез келген өнім үшін алдымен ішкі тұтынуды қамтамасыз ету керек, содан кейін экспортқа сату керек, экономикалық саясат осылай құрылады. Ет бойынша біз өзімізді толықтай қамтамасыз етіп отырмыз, ішкі нарық қамтамасыз етілген", - деді Сұлтанов.

 

Министр Қазақстанда 1 келі етті 2,5 - 5 доллар яғни 1070 - 2140 теңге аралығында сатуға болатынын айтты.