Нарық

Министр қазақстандықтарға салықтық рақымшылық жасалатынын айтты

  • Министр қазақстандықтарға салықтық рақымшылық жасалатынын айтты

    Министр қазақстандықтарға салықтық рақымшылық жасалатынын айтты

Жеке тұлғаларға былтырғыдай салықтық рақымшылық жасалады.
Жеке тұлғаларға былтырғыдай салықтық рақымшылық жасалады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

«Өткен жылы елімізде салықтық рақымшылық жасалғанын баршаңыз білесіздер. Жеке тұлғаларға негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұлдары кешірілді. Бұл шара рақымшылық салықтың барлық түрін қамтыды. Соның нәтижесінде 750 мың қазақстандықтың жалпы сомасы 3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді. Биыл 2 шілдеде тиісті заң қабылдануына байланысты жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық ұзартылды. Ол салықтың үш түрін, атап айтқанда мүлікке салынған салық, жер салығы және көлік құралдары бойынша салықты қамтиды», – деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, салық төлеуші жеке тұлғаның 1 сәуірдегі жағдай бойынша өсімпұлы кешіріледі.

«Негізгі қарыз өтелген жағдайда өсімпұл кешіріледі. Сонымен қатар өсімпұлы кешірілуі үшін азаматтарға өтініш жазудың керегі жоқ. Өсімпұл салық органдарының есептік жүйесінен автоматты түрде өшіріледі», – деді ол.

 




Көрілген: 605    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 17:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31