Нарық

Министр кімдер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты

  • Министр кімдер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты

    Министр кімдер салықтан босатылуы мүмкін екенін айтты

Министр электронды сауданың артқанына қарамастан, әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар екенін айтады

Қазақстанда онлайн саудамен айналысатын жеке кәсіпкерлер корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығынан босатылуы мүмкін. Қазір бұл ұсыныс үкіметте талқыланып жатыр. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Электронды сауданы одан әрі дамыту мақсатында электронды саудадан түсетін кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ін құраған жағдайда, Салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз. Бизнес қоғамдастықтан осындай ұсыныс келіп жатыр. Біз бұл мәселені үкіметтің экономикалық, қаржы секторымен талқылап жатыр", – деді Сұлтанов үкімет отырысында.

Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелері, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту пысықталуда.

Министр электронды сауданың артқанына қарамастан, әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшу үшін кедергілер бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, көлеңкелі экономика, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақытылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.

"Электронды сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет", – деді ол.

Қазір сауда министрлігі отандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару мәселесін пысықтап жатыр.




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 12:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31