Нарық

Министр күзде кімнің жалақысы өсуі мүмкін екенін айтты

  • https://www.zakon.kz/

    https://www.zakon.kz/

Биыл күзде мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілуі мүмкін. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

 

Айтуынша, мәдениет саласының, әсіресе, облыстық мәдениет мекемелері, музей мен кітапхана қызметкерлерінің жалақысы соңғы он екі жылда өспеген. 

 

"2020 жылы қаңтарда республикалық мәдениет, мұрағат ұйымдарында жалақы 50%-ке, жергілікті деңгейдегі ұйымдарда 35%-ке ұлғайды. Биыл айлықты кезекті рет өсіру бойынша жұмыс атқарылды", - деді Райымқұлова халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша брифингте.

 

Мәдениет министрлігі еңбекақыны арттыруға қатысты республикалық бюджет комиссиясына өтінім берген. Ведомство басшысы пандемиямен байланысты ахуал жақсаруына байланысты үкімет өтінімді қолдайды деп үміттенеді.

 

"Жалпы үкімет мәдениет ұйымдары мен мұрағаттарда істейтін барлық деңгейдегі қызметкердің жалақысын өсіру туралы бастамамызды қолдап отыр. Күзде еңбекақы көтеріледі деген ойдамын", - деді министр.

 

Ол биыл екі театр академиялық мәртебе, ал бес ұйым ұлттық мәдени нысан атағын алғанын еске салды. Айтуынша, осы мәртебенің арқасында бұл ұйым жұмысшыларының жалақысы артады.

 

 

 




Көрілген: 1478    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 09:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30