Нарық

Министр қысылмай өмір сүру үшін қанша қаражат қажеттігін айтты

  • Министр қысылмай өмір сүру үшін қанша қаражат қажеттігін айтты

    Министр қысылмай өмір сүру үшін қанша қаражат қажеттігін айтты

5 қараша күнгі брифинг кезінде ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев инфляция жағдайында күн көру үшін төрт адамнан тұратын отбасына бір айда қанша қаражат қажеттігі жөнінде Азаттық сұрағына жауап беруден бас тартты. Ол бұған жазбаша жауап беретінін жеткізді. Бес сағаттан соң министрліктің баспасөз қызметі министр жауабын жолдады.

"Ресми статистика деректеріне сүйенсек, үш адамдық отбасының шаруашылық шығындары айына 220-230 мың теңгені (510-533 доллар) құрайды. Ол азық-түлік, азық-түлік емес тауарлары, қызмет, салық, несие және тағы басқаға жұмсалады. Бұл республика бойынша орташа көрсеткіш. Дегенмен ол жеке қарастырылған отбасы бюджетін толық көрсете алмайды. Аймақтар арасында да айырмашылық бар" делінген баспасөз қызметі жіберген министр жауабында.

Осыған дейін министр оның отбасы ай сайын азық-түлікке орташа есеппен 50 мың теңге (100 доллардан астам) жұмсайтынын айтқан. Жұма күнгі брифинг кезінде ол осынша аз ақшаға қажетті заттардың барлығын сатып ала аласыз ба деген сұраққа жауап бермеді.

Қазақстанда бірнеше айдан бері азық-түлік құны шарықтап барады. Елдегі инфляция деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті: тамызда жылдық инфляция – 8,7 пайыз, қыркүйекте 8,9 пайыз болды. Қала мен ауыл халқы бағаның екі есе өсіп кеткеніне шағымданады. Дүкен мен сауда орындарындағы сатушылар жұрттың азық-түлікті несиеге ала бастағанын айтты.

Инфляцияға байланысты азық-түлік құны өскеннен кейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемесін қайта арттырған.

30 қазанда үкімет қазан айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар құнының өсуі баяулады деп хабарлады. Бұл өткен айлардағыдай жылдам болмаса да, азық-түліктің қымбаттап жатқанын көрсетеді.

azattyq.org




Көрілген: 1228    Пікірлер: 0

сенбі, 06.11.2021, 19:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31