Нарық

Министр медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы туралы сұраққа жауап берді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан медициналық сақтандыру қорының басшысы Айбатыр Жұмағұловтың жалақысы туралы cұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басшысының жалақысы қанша және қордағы келесі қаржылық тексеру қашан болады? Айбатыр Жұмағұловтың жұмысына көңіліңіз тола ма?" - деп сұрады журналистер министрден онлайн-брифинг барысында.

 

"Аудиторлық тексерулер жыл сайын өткізіліп, денсаулық сақтау министрлігіне ұсынылады. Еңбек ақысына немесе қордың жұмысына келетін болсақ, біз жұмысқа кірісіп кеттік, қазір барлық материалдарды зерттеп, зерделейміз, қаржылық көрсеткіштерді, қордың қызметін, стратегиялық бағыттарды қарастырамыз", - деп жауап берді Алексей Цой.

 

Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі атап өткендей, қазір барлық күш коронавируспен күреске бағытталған.

 

"Жақын арада біз бәрін міндетті түрде зерттейміз. Біздің әріптестеріміз тәулік бойы жұмыс істейді, 3-4 сағат қана ұйықтаймыз. Біздің негізгі міндетіміз - дәрі-дәрмектерді жеткізуге, желілерді дұрыс қамтамасыз етуге баса назар аудару, бірақ қордың жұмысын зерттеп, бақылауға аламыз", - деді Цой.

 

Еске сала кетейік, Айбатыр Жұмағұловтың жары Гүлбаршын Заированың желіде күйеуі жаңадан сыйлаған он екінші автокөлігімен мақтанғаны көпшілікке жақпай қалды.

 




Көрілген: 926    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31