Нарық

Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

  • Министр

    Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыдағы жұмыссыздар ала алады. 22 миллион теңгеге дейін алуға болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілетін кредиттер туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі талап бойынша отбасыда еңбекке жарамды адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Ал ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда барлық отбасы атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. Қазіргі кезде осы санатқа кіретін 30 мыңдай азамат бар.

"Жай жұмыспен қоса, шағын кредит те алуға болады. Оны тОның ставкасы барлығына 6 процент болса, мұндай отбасыға - 4 процент, мерзімі - 5 жыл емес, 7 жылға дейін. Ал кепілдігі жоқ азаматтарға мемлекет 95 процентке дейін кепілдеме береді ", - деді Нұрымбетов бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Бұдан бөлек, қайтарымсыз гранттар бар. Өзінің шағын бизнесін ашқысы келетін көпбалалы отбасыларға 555 мың теңгенің гранты беріледі.

"Көпбалалы отбасылар және тұрмысы төмен отбасылар "Бизнес бастау" оқуын өтпей-ақ, осы гранттарға ие бола алады",- дейді министр.




Көрілген: 375    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 15:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31