Нарық

Министр Тұрғымбаев 1 шілдеден жалақы қаншаға өсетінін мәлімдеді

  • Министр Тұрғымбаев 1 шілдеден жалақы қаншаға өсетінін мәлімдеді

    Министр Тұрғымбаев 1 шілдеден жалақы қаншаға өсетінін мәлімдеді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев құқық қорғаушылардың жалақысын көтеруге арналған шаралар жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Бірнеше күннен кейін патрульдік полиция қызметкерлері 65 проценттік үстемақы алады. Бұдан бөлек, тергеушілер мен жедел қызметкерлер – 55 процент, учаскелік инспекторлар мен оқу орындарының оқытушылары – 25 процент, ал қалған қызметкерлердің жалақысы 20 процентке артады. Аталған шаралар 1 шілдеден бастап қолға алынады", - деді Тұрғымбаев бүгінгі есеп беру кездесуінде.


Министрдің айтуынша, ішкі істер органдарын жаңғыртуға арналған жол картасы аясында кадрлық оңтайландыру шаралары атқарылған. Соның нәтижесінде біраз қаржы үнемделді. Аталған қаражат ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталады.


Айта кетейік, штаттық оңтайландыру шаралары кезінде жеке құрам 10 процентке азайды. Осылайша, ішкі істер министрлігінің құрылымдары мен органдары 10 592 штатқа қысқарып отыр. Бұдан бөлек, 1 180 басшылық қызмет оңтайландырылды.




Көрілген: 2799    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 21:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31