Нарық

Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

  • Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

    Министр зейнетақы жинағын алу үшін шотта қанша ақша болуы керектігін айтты

Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі бекітіліп отыр, ол әр жастағы адамдар үшін әртүрлі болмақ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағының бір бөлігін кімдер ала алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, зейнетақы жинағының бір бөлігін алуға мүмкіндік беретін жеткіліктілік шегі ерлер мен әйелдер үшін бірдей. Жеткіліктілік шегі жыл сайын есептеліп отырады.

"Жеткіліктілік шегі әр жасқа бөлек белгіленеді. 20 жастан басталады", - деді Нұрымбетов.

Айтуынша, алдын ала есептеу бойынша 30 жастағы азаматтың есепшотында 2 миллион 518 мың теңге болуы керек.

  • 35 жас – 2 миллион 961 мың теңге
  • 40 жас - 3 миллион 437 мың теңге
  • 45 жас  -  3 миллион 947 мың теңге
  • 50 жас - 4 миллион 495 мың теңге
  • 55 жас - 5 миллион 84 мың теңге

"59 жастан асқан азамат үшін 5 миллион 586 мың теңге қажет. Бұл жеткіліктілік шегі, бұдан асқан соманы олар өз қажетіне ала алады", - деді ол.

Президент жолдауын жүзеге асыру

Президент биылғы жолдауында 2021 жылы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинақтың бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, емделуге жұмсай алатынын айтты.

Министр зейнетақы жинағының бір бөлігін 721 мың қазақстандық пайдалана алатынын атап өтті. 

Біріншісі – жұмыс істейтін, яғни Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жарнасы бар азаматтар. Олардың саны болжам бойынша 530 мың. 

Екіншісі – зейнет жасына жеткен адамдар. Олар шоттағы ақшаның елу процентіне дейін ала алады. 

Нұрымбетов мұндай кісілердің саны 178 мыңнан асатынын айтты. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлері де бар. Оларға қойылатын бір ғана шарт – зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен, жинақтаушы қордан алып отырған зейнетақысын қосқан кезде, зейнетке шыққан кездегі табысының 40 процентінен төмен болмауы керек.

Үшіншісі – зейнетақы анниутитетін рәсімдеген қазақстандықтар. Егер зейнетақы жинағын сақтандыру қорына аударғаннан кейін, жинақтаушы қорда қаражат қалса, олар оны толығымен шешіп ала алады. Мұндай адамдардың саны 13 300. 

Айта кетсек, зейнетақы жинағының бір бөлігі баспана сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға беріледі.




Көрілген: 2538    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 12:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31