Нарық

Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді

  • Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді

    Министрлік Kaspi банк оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр екінші деңгейлі банктердің тұрғындар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті. Бір банктегі ақаулық саладағы қауіпсіздіктің нашар екенін білдірмейді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Ведомство басшысына журналистер: "Kaspi.kz  банкінде болған ақаулық қауіпсіздіктің осал екенін білдіре ме? Ақауға не себеп болды? деген сауал қойды.

Мусин бұл жеке ақпарат жүйесі екенін жеткізді. Оның айтуынша, министрлік жеке мәліметтердің заңсыз қолданылуына байланысты нақты шағым түссе ғана жағдайға араласады.

"Құзыретімізге байланысты ақпарат қауіпсіздігі бұзылған жағдайда ғана араласа аламыз. Қазіргі уақытта жеке мәліметтер ұрланып, ел азаматтарына зияны тигені туралы мәлімет жоқ. Сондықтан біз тексеріс жүргізген жоқпыз", - деді Мусин.
Ол мұндай мәселемен министрліктің ақпарат қауіпсіздігі комитеті айналысатынын еске салды.

"Егер қандай да оқиғалар болатын болса, біз араласамыз. Бір банктегі ақаулық салада қауіпсіздіктің осал екенін білдірмейді деп есептейміз", - деді Мусин.

Министр екінші деңгейлі банктердің тұрғындар алдында азаматтық-құқықтық жауапкершілігі қарастырылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, сәрсенбі күні Kaspi.kz қосымшасында ақаулық болды. Бірнеше сағат бойы сервис қолжетімсіз болып қалды. Клиенттердің есепшотындағы сома дұрыс көрсетілмеді. 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.10.2020, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 12:04
    Доллар бағамы өсті
    19 Қаңтар, 12:05
    Доллар бағамы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31