Нарық

Министрлік әр жүкті әйелге 425 мың теңгеден беру туралы ұсынысты түсіндірді

  • Министрлік әр жүкті әйелге 425 мың теңгеден беру туралы ұсынысты түсіндірді

    Министрлік әр жүкті әйелге 425 мың теңгеден беру туралы ұсынысты түсіндірді

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жүктілігінің 12-аптасына дейін есепке тұрған қазақстандық әр әйелге 425 мың теңгеден беруді ұсынып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Осындай бастама бар. 10 минимал жалақы мөлшерінде - 425 мың теңге беруді ұсынамыз. Бірақ бұл әзірше тек ұсыныс түрінде. Әлі басқа да мемлекеттік органдармен талқыланады, мемлекеттік бюджеттің осы ұсынысқа қаншалықты дайын екені талқыланады", - деді Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағамбет.


Бұл идеяны Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары ұсынған. Олардың айтуынша, бұл әйелдердің болашақ балаларының денсаулығына деген жауапкершілігін арттырады.


"Жауапкершілік жайында айтатын болсақ, біз оларды не жазалауымыз керек, не мадақтауымыз керек. Біз мадақтауды ұсынамыз, бірақ егер әйел жүктілігінің 12-аптасына дейін есепке тұрса. Онда әйел мен бала толықтай бақылауға алынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Бүкіл әлем осылай жұмыс істеп жатыр", - деді Халықаралық ғылыми онкологиялық орталық төрағасының орынбасары Гүлнар Құлқаева.


Министрліктегілер болашақ аналардың барлығына олардың қаржы жағдайына қарамастан, осы соманы беруді ұсынып отыр.


Депутаттар да министрліктің ұсынысына қолдау білдіріп жатыр. "Ұсынысты қолдаймын. (...) Жүкті әйелдердің барлығына төлемақы керек", - деді Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова.




Көрілген: 1031    Пікірлер: 0

жұма, 05.04.2019, 18:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30