Нарық

Министрлік қандай мамандар сұранысқа ие екенін айтты

  • © Sputnik / Болат Шайхинов

    © Sputnik / Болат Шайхинов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ержан Жылқыбаев еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


Оның айтуынша, жоғары сұраныстағы 100 мамандықтың тізімі жасалған. Соның ішінде 35 мамандықты студенттер жоғары оқу орындарында игерсе, 65 мамандық бойынша техникалық білім алуға болады. Бұлардың басым бөлігі - ақпараттық технологиялар саласындағы техникалық мамандықтар.


"Атап айтқанда, 3D модельдеу инженерлері, IT мамандар, сәулетшілер мен дизайнерлер, туризм саласындағы мамандар бар. Нақты ғылымдарды оқытатын педагогтар қажет. Ал жұмысшы мамандықтарына келетін болсақ, өнеркәсіп саласында электр және газбен дәнекерлеуші сияқты мамандарға сұраныс бар", - деді Жылқыбаев үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында.


Вице-министр атап өткендей, қазір жұмыс орындарының басым бөлігі мемлекеттік бағдарламалар аясында ашылады. Ал жұмыссыздықты біртіндеп азайту үшін жыл сайын мыңдаған жұмыс орнын ашу қажет.


"Бүгінде еңбек нарығында шамамен 8 миллион 700 мың адам жұмыс істейді. Жұмыссыздықты 4,9 процент деңгейінде ұстауымыз қажет. Сосын осы көрсеткішті жыл сайын 0,1 процентке азайту міндеті қойылып отыр. Мұны іске асыру үшін жылда 370 мың жаңа жұмыс орнын ашуымыз керек", - дейді Жылқыбаев.


 




Көрілген: 471    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 15:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30