Нарық

Министрлікке ғылымды дамытудан гөрі шетелден жаппай мал әкелу маңызды болды – сенатор

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Маған Үкіметке және Ауыл шаруашылығы министрлігіне аграрлық-зерттеу университетін құру қажеттілігін дәлелдеу үшін 6 жыл қажет болды... Бұл - «зертхана-дәрісхана-өндіріс» бірыңғай жүйесіне біріктірілген әлемнің жетекші университеттерінде ғылымды дамытудың және кадрлар даярлаудың заманауи моделі деп жазды сенатор Ақылбек Күрішбаев өзінің facebook-парақшасында.

 

Оның жазуынша, осындай синергияның арқасында студенттер ең заманауи білім алады, ал ғылыми орта талантты жас кадрлармен үнемі толығып отырады.

Бүгін А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығына барып, мұнда өте қысқа уақыт ішінде (7 айда) жүйелі өзгерістер болғанын көрдім. Айта кетерлігі, мұндай жетістікке тек жоғары оқу орны мен аталған Ғылыми-зерттеу орталығы арасындағы интеграцияның арқасында және ішкі ресурстар есебінен қол жеткізілген. Ал АШМ-нен бюджет қаражатын ғалымдар әлі алған жоқ.

 

Жолдар күрделі жөндеуден өтіп, ғылыми қалашықта жарықтандыру жүргізілгеніне қуандым. Шортанды ауданының әкімі  Gaidar Kasenov жақын арада ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін жақсартып, 2 жылдан кейін ауылды толықтай газдандыруға уәде беріп отыр.

 

​Өткен жылдың соңында Сенаттың Аграрлық комитеті Сенат Төрағасы Маулен Ашимбаевтың қолдауымен Шортандыда ғылыми қалашықтың әлеуметтік дамуы бойынша арнайы көшпелі отырыс өткізген болатын. Сенаторлардың ұсыныстарын қолдағаны үшін Ақмола облыс әкіміне Ermek Marzhyqpaevқа рақметімізді жеткіземіз, - деді сенатор.

 

Дегенмен Күрішбаев ғылымды дамытуға қатысты үлкен реніші бар екенін жеткізді.

 

 

2009-2010 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінде Франция, АҚШ, Канада, Германия, Аргентина және Австралияның жетекші аграрлық ғалымдарының қатысуымен Шортандыда «Халықаралық ауылшаруашылық зерттеу орталығын құру» бағдарламасын әзірледік.

 

Оны әзірлеуде бізге сол кезде ел Президенті Н.Ә. Назарбаев жеке қолдау көрсетті, тікелей өзі осы орталықты құру тұжырымдамасын да бекітті.

 

Әлемдегі ең үздік ғылыми ұйымдардың тәжірибесі бойынша ауыл шаруашылығы бағытында ең заманауи зерттеу орталығын (нақтырақ айтсақ, молекулярлық биология әдістерін пайдалана отырып және гендерді сақтау орнын ұйымдастыра отырып, а/ш дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын жасау жөніндегі, биотехнологиялар негізінде а/ш жануарларының генетикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі зертханалар, агротехнологиялар, топырақ құнарлылығы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі қазіргі заманғы зерттеу базасы, а/ш өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, аграрлық техника және т.б.) ұйымдастыру көзделген болатын.

 

Орталықта шетелдік және отандық жетекші ғалымдар жұмыс істеп, жас ғылыми кадрлар білімін жетілдіріп, студенттер тәжірибеден өтуі керек еді. Нәтижесінде ол «аймақтық аграрлық ғылыми-зерттеу институттары мен тәжірибелік шаруашылықтардың жұмысын қамтамасыз етеді» деп көзделген еді.

 

Сенат депутаты мұнда тұрғын үй және ғалымдар мен тағылымдамадан өтушілердің жұмысы үшін барлық қажетті жағдайы бар заманауи ғылыми қалашық салу жоспарланғанын еске салды.

 

2010 жылы біз 139 млн теңгеге жуық сомаға осы орталықты ұйымдастырудың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледік. Жалпы, 5 жыл ішінде (2017 жылға дейін) Халықаралық зерттеу орталығын салуға және жабдықтауға шамамен 35 млрд теңге қажет болды.

 

Бюджетте қаражат та болды. Бұл жобаға қомақты ақша жұмсалса да, елдің бүкіл ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажетті ғылыми база (негіз) жасақталар еді (!). Менің ойымша, аталған жобаны іске қосқанда, қазіргі астық шаруашылығы, жем-шөп өндірісі және асыл тұқымды мал шаруашылығындағы жағдай басқаша болар еді.

 

Өкінішке қарай, бұл жобаны соңына дейін жеткізбедік, ал елдегі қалған аграрлық ҒЗИ-ды қиын жағдайға алып келдік.

Менен кейін 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне келген жаңа басшылық техникалық-экономикалық негіздемеге жұмсалған мемлекеттік қаражатқа және оған алынған оң мемлекеттік сараптамаға қарамастан, бұл жобаны үнсіз жаба салды. Сол кезде олар үшін ең маңыздысы ғылымды жаңаша идеялармен дамытудан гөрі, асыл тұқымды сиырлардың мемлекеттік субсидиялары есебінен шетелден жаппай мал әкелу маңызды болды…

 

Енді біз тағы да «заманауи аграрлық-зерттеу университетін құру» туралы үмітімізбен өмір сүріп жатырмыз, - деп жазды Ақылбек Күрішбаев.

 

 

 

baq.kz

 




Көрілген: 809    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.08.2021, 00:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31