Нарық

Мүлік салығы бойынша берешегі жоғары өңірлер аталды

  • Мүлік салығы бойынша берешегі жоғары өңірлер аталды

    Мүлік салығы бойынша берешегі жоғары өңірлер аталды

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік салығы бойынша тұрғындар берешегі жоғары өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Борышкерлердің саны ең көп қалалардың көшін бастап тұрғандар: Шымкент қаласы – 602,5 млн теңге жалпы берешегі бар 65 мың жеке тұлға, Алматы қаласы – 628,6 млн теңге жалпы берешегі бар 58 мың жеке тұлға және Нұр-Сұлтан қаласы – 438,1 млн теңге жалпы берешегі бар 38 мың жеке тұлға», - делінген комитет ақпаратында. Ведомство мәліметінше, 2021 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша жеке тұлғалардың меншіктегі жылжымайтын мүлік бойынша салық берешегінің сомасы 3,2 млрд теңгені құрайды. «2020 жылға мүлік салығын төлеу мерзімі 2021 жылдың 1 қазанында аяқталды. Содан кейін салық органдары борышкерлерге салық берешегі туралы хабарлама жіберген болатын. Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң 1 еселенген айлық есептік көрсеткіш (2917 теңге) мөлшерінде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады», - деп атап өтеді комитеттен.
ҚазАқпарат




Көрілген: 665    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 00:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Желтоқсан 2021
    Доллар бағамы төмендеді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31