Мұнай бағасы 100 доллардан асты

24 ақпан 2022, 11:02

Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қыркүйегінен бері алғаш рет баррелі $100-ден асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат RBC сайтына сілтеме жасап.

Сәуірдегі фьючерс құны 3%-ға асып, баррелі $100,04 асты. Бұған ICE биржасындағы деректер дәлел.