Нарық

Мұнай бағасы 40 долларға түсе ме?

  • ©alaw

    ©alaw

Бұған дейін Сухаиль аль-Мазруи ОПЕК «қара алтын» бағасы барреліне 40 долларға дейін құласа да, мұнай өндіру квотасы төмендемейтінін ескерткен еді. Дегенмен, энергетика министрі таяу арада мұнай бағасы тұрақтанатынына сенімді. Айтуынша, құлдырау жалған ақпараттың тарап, бағаның қолдан жасалуынан болып отыр. Сондай-ақ Араб Әмірліктерінің министрі өз елінің баға демпингіне қатыстылығын жоққа шығарды. 
Ал, ірі өндіруші ел - Сауд Арабиясының мұнай министрі Али аль-Наими да мұнай бағасы өседі деген сенім білдірді. Бір қызығы, министрдің бұл мәлімдемесінен кейін «қара алтынның» бағасы шынымен көтерілді. Мәселен, бүгін Brent 1,4%-ға көтеріліп, баррелі үшін 62,23 долларға жетті. Ал, WTI маркілі мұнай бағасы 1,1% артып, барреліне $57,78 долларды құрады.
Ал біздің елдегі экономика министрлігі мұнай бағасы 40 доллар шамасына дейін түспейтіндігін жеткізді. 
Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Абылқасымова мәлімдеді. Айтуынша, ведомство ел бюджеті әлемдік нарықта «қара алтынның» бағасы 70, 60, 50, тіпті 40 долларға дейін төмендеуін есепке ала отырып, жоспарланған. 

Дегенмен вице-министр мұнай бағасы 40 долларға дейін түсе қоймайды деген үмітте. Елдегі жоспарлы бюджет мұнай бағасы 2015 жылы барреліне 80 доллар болады деген есеппен жасалған. 

Автор: Turkystan.kz




Көрілген: 1759    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.12.2014, 08:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31