2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні


Нарық

Мұнай бағасы мен баламалы энергетиканың құлдырауы кімге пайдалы

  • © REUTERS / Denis Balibouse

    © REUTERS / Denis Balibouse

Әлемде коронавирус өрши түсіп, мұнай бағасы күрт төмендеді. Осы екі құбылыс қаншалықты өзара байланысты және олардың жаһандық салдары қандай болады деген сауал көпшілікті алаңдатпай қоймайды.

 

Байқасақ, тікелей байланыс бар сияқты: Қытай өндірістерінің бірқатар салалары 40-60%-ке қысқаруы мен экспорттың күрт төмендеуі, "әлемдік зауыт" атанған Қытайдың тұтыну көлемінің азаюы, ірі көлемдегі энергия өнімдер импортының құлдырауы, карантин мен "үйден жұмыс істеу" режиміне ауысу нәтижесінде "домино қағидасына" сәйкес, алып мемлекеттердегі мұнай бағасының түсуі... Осылайша, ұзақ уақыт бойы дайындалған нәрсені эпидемия қоздыра түскенге ұқсайды.

 

Мұнай бағасы бұған дейін де әскери оқиғаларға байланысты күрт құлдыраған: 1991 жылғы 17 қаңтарда Парсы шығанағындағы соғыс кезінде мұнай 34,8% төмендеді (ұзаққа созылған құлдырау кезеңі 1990 жылдың қазанынан 1991 жылдың ақпанына дейін созылды). Сондай-ақ, АҚШ-тағы лаңкестік шабуылдар нәтижесінде бағалар 2001 жылдың қыркүйек-қараша айында төмендеген. Ал бұл жолғы құлдырау бейбіт жағдайда өрбуде. Ресейдің ОПЕК+ келісімінен шығуына байланысты мұндай құлдырауды сыртқы күштер белсенді түрде қоздырды. Бұл толықтай "қолдан жасалған" және коронавирустың немесе әдеттегі экономикалық факторлардың әсеріне байланысты емес.

 

Бұл жағдайда жеңімпаздар да, жеңілгендер де бар. Мұнай бағасының құбылуы ресейлік мұнай-газ саласындағы серіктестерге, ең алдымен, Қытайға қалай әсер етуі маңызды мәселе болып табылады. Ресей-Қытай мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белгілі бір дәрежеде ұзақ мерзімді келісім-шарттармен қорғалған. Бірақ, вирустың пандемиясы болып табылатын форс-мажор жағдайларында көптеген мұнай-газ операциялары қайта қаралуы мүмкін. Мысалы, Қытай мұнай мен газды аз таңдайтын болса, ол ресейлік мұнай кірістеріне әсер етеді.

 

Мұнай бағасының ұзақ мерзім құлдырауы АҚШ үшін тиімсіз. Өйткені, бұл шамамен 40 доллар тұратын тақтатас мұнайының өндірісін төмендетеді. Сол сияқты қазіргі бағалар Сауд Арабиясы үшін де қолайсыз. Себебі, олардың бюджеті 65 доллардан басталатын мұнай бағасына негізделген.

 

Екінші жағынан Қытай мен Азияның көптеген елдері айтарлықтай жеңілдікке ие болады. Атап айтқанда, олар мұнайды әлдеқайда арзан бағамен сатып алу арқылы экономикасын қалпына келтіруге едәуір ықпал етеді.

 

Әрине, мұнай бағасының құлдырауы Азия елдерінің экономикалық өсуіне ықпал етті және бұл жолы үкіметтерге қаржылық ынталандыру шараларын бастауға мүмкіндік береді. Алайда, қазіргі жағдайда арзан мұнайдың пайдасы тұтынушылық сұраныстың коронавирус әлсірегенін ескере отырып, әлдеқайда қалыпты болуы мүмкін.

 

Сондай-ақ, мұнай бағасының төмендеуі Азия аймағында мұнай экспорттайтын екі елдің – Малайзия мен Индонезия бюджеттеріне қысым жасайтыны және олардың экономиканы жандандыруға қаржылық ынталандыру мүмкіндіктерін шектейтіні анық.

 

Мәселенің тағы бір қыры бар. Мұнай бағасының құлдырауы кез-келген балама энергетика саласын, жел мен күн энергиясын пайдалануды іс жүзінде тиімсіз етеді. Ал бұл мәселе Қытай үшін өте маңызды.

 

Қазіргі уақытта Еуропа мен Қытай және Жапония жанар-жағармай импортына өте қатты тәуелді. Бірақ, жаңартылатын энергияның үлесі өскен сайын олардың энергетикалық тәуелсіздігі арта түсуі мүмкін. Әсіресе, Жапония ең тәуелді ел: ондағы жанармайдың таза импорты ЖІӨ-нің 5% құрайды. Ал Оңтүстік Азия ЖІӨ-нің 3%-тен астамын қазбалы отын импортына жұмсайды. Теориялық тұрғыдан қарағанда, импортталатын жанармай түрлерінен өндірілетін отандық өнімдер жаңартылатын энергия көздеріне ауысатын елдер сауда балансын едәуір жақсартуы керек.

 

Соңғы бірнеше жылда Қытай жаңа энергия көздерін іздеуді бастады. 2017 жылдың басында әлемдегі жаңартылатын энергия көздері саласындағы ірі бес келісімнің төртеуі осы ел компанияларының қатысуымен жасалды. Қытай өндіруші компаниялар үшін ең үлкен алты күн модулінің бесеуіне иелік етеді және әлемдегі ең ірі жел турбиналарын шығаруда.

 

Қытай балама көздерге ауысуға ұмтылып, екінші бір себеппен қоршаған ортаны ластауға қарсы күресуге тырысты. RAND Corporation талдау негізіне сүйенсек, 2012 жылы Қытайдағы ауаның ластануын бақылау шығындары, ең алдымен, еңбек өнімділігінің төмендеуіне байланысты 535 млрд. АҚШ долларын немесе ЖІӨ-нің 6,5 % құрады деген қорытындыға келді.

 

Қалай дегенмен, Қытай әлемдегі баламалы энергия саласында ең ірі нарыққа ие болса да, 2018 жылы жел энергиясы тек 5,2%, күн энергиясының өндірісі 2,5% құрады. Қытайдағы жаңартылатын энергетика проблемалары 2018 жылдың ортасында басталған АҚШ-Қытай сауда-саттығындағы кереғарлықтан айқын көрінді. Күн энергиясын өндіретін батареялардың кең өрістерін орналастыру өте қымбат іс болды. Сөйтіп, жел мен күн энергиясын субсидиялауды қысқарту басталды. Бұл ретте орталық үкімет тақтатас газын шығарып, көмірден метан ажырату арқылы "жаңа энергия" алу үшін қаржылық қолдауды күрт арттыруда.

 

Осылайша, қазіргі жағдайға байланысты қарама-қайшылық байқалуда. Қытай да өзге елдер сияқты дәстүрлі энергия ресурстарына төмен бағаны қажет етеді. Сондықтан да, бүкіл әлем Қытай экономикасын қалпына келтіреді деп күтеді. Ал іштегі коронавирусты жедел жеңгеннен кейін Қытайға деген сенім арта түседі. Көп жағдайда жаһандық экономиканың қалпына келуін қытай индустриясының қайта басталуы мен қытай тұтынуының өсуімен байланыстырады. Ал мұнайдың қазіргі бағасымен бұл өте қиын және қымбатқа түседі.

 

Бірақ Қытайды мұнай мен газға тәуелділіктен біртіндеп алып тастайтын балама энергияға көшу жолы ауыр болды әрі ұзақ уақытқа созылды. Енді Қытай ескі модельдерге оралуға мәжбүр болады.

 

Алайда, мұнайдың жаңа бағасы Қытайды қанағаттандырады. Тіпті, аз шығынмен "қайта бастауға" мүмкіндік беретін үлкен жеңілдік алады десек те болады. Жалпы алғанда, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында бүкіл әлемде корпоративтік кірістің күрт төмендейтіні анық. Содан кейін экономиканы қалпына келтіру нысаны ретінде күрт көтерілу басталады. Бұл жаһандық пайданың 2020 жылға өсу перспективаларын біршама теріс етіп көрсетуі мүмкін. Осыған байланысты арзан энергияның негізгі пайда алушылары болып табылатын Азия нарықтары мұнай экспорттаушы елдердің нарықтарына қарағанда әлдеқайда тұрақты және табысты болады.

 

 

sputnik




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 08:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31