Мұнай қымбаттап жатыр

09 наурыз 2022, 12:01

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты.

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 130 доллардан асты. Бұл ақпарат Лондон биржасының сауда-саттық деректері бойынша расталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

Нұр-Сұлтан уақытымен 08.57-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мамыр фьючерстерінің бағасы 6,266 пайызға, барреліне 130,93 долларға дейін, WTI маркалы сәуір фьючерстерінің бағасы 5,461 пайызға, 125,92 долларға дейін өсті.

Айта кетейік, мұнай бағасы АҚШ президенті Джо Байден АҚШ Ресейден энергия импортына тыйым салғанын айтқаннан кейін өсіп жатыр. Ақ үй басшысы бұл шешімді екі партия да қолдағанын атап өтті.