Нарық

Мұнай саласында Қытай компанияларының үлесі қанша – министрдің жауабы

  • © AP Photo / Rich Pedroncelli

    © AP Photo / Rich Pedroncelli

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев отандық мұнай-газ саласындағы шетелдік компаниялардың үлесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Шетелдік компаниялардың үлесі өте зор. Өйткені олар Қазақстанға келіп, инвестицияларды тартып, алып келеді. Осы салаға біздің өз қаржымыз ешқашан жетпейді. Себебі қыруар қаражат қажет. Мәселен, Теңіз жобасын кеңейту бойынша "Шеврон", "ЭксонМобил" сияқты шетелдік компаниялардың арқасында тек бір кен орнында үш жылда 37 миллиард долларды игерейін деп жатырмыз", - деді Бозымбаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.


Министр әрбір шетелдік компанияның нақты үлесін атай алмайды. Бірақ Теңіз, Қашаған мен Қарашығанақ сияқты ірі жобаларда шетел инвесторларының үлесі 60 проценттен асатынын жеткізді. Негізгі акционерлер – Ұлыбритания, АҚШ, Италия мен Ресей.


"Қашағанда бір қытайлық компанияның үлесі бар. Ол шамамен 16 процент сияқты. Сондықтан сондай бір артып кетті деген сөздің ешқандай негізі жоқ. Бірақ кішігірім кен орындарында он шақты қытай компаниясы осы кен орындары компанияларының иелері болып отыр. Ол рас. Ондай бар. Әсіресе, Қызылорда мен Ақтөбе облысында", - деп атап көрсетті Бозымбаев.


 




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

жұма, 21.06.2019, 14:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 20:02
    Қарыз қажытты ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31