Нарық

Мұнайдың бағасы 20 долларға дейін құлдырады

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Лондон биржасында өткен сауда-саттықтың нәтижесінде WTI маркалы мұнайдың бағасы 20 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Лондон биржасында WTI маркалы мұнайдың бір баррелі 19,98 долларға төмендесе, Brent маркалы мұнай 26,6 долларға дейін түсті.

 

Осылайша, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 4:40-та WTI маркалы мұнай 8,52 процентке төмендеп, баррелі 19,98 долларды құрады. Ал Brent маркалы мұнай 4,65 процентке арзандап, 26,6 долларға дейін төмендеп кетті.

 

Айта кеткен жөн, мұндай баға соңғы рет 2002 жылы болған, деп жазады РИА Новости.

 

Өткен жұма, 27 наурыз күні ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 26,98 доллардан сатылса, WTI-дің бағасы 23,04 доллар болған.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан үкіметі мұнайдың бағасы 25 долларға түссе де, осы саладағы жұмыс орындарының сақталатынын мәлімдеген болатын.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазіргі кезде отандық мұнай-газ саласында 1 355 компания жұмыс істейді. Осы кәсіпорындарда 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жүр. Мұнай баррелінің құны 25 доллар болса, бұл компаниялар ағымдағы шығындарын жауып, қызметкерлерін жұмыспен толық қамтамасыз ете алады. Осылайша, мемлекет табыс табуға емес, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге басымдық береді.


 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 11:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30