Нарық

Нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

  • Нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

    Нан бағасы қанша теңгеге қымбаттайды?

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев хабарлады. Оның айтуынша, әлеуметтік нан бағасының бірден өсуіне жол берілмейді.
Ол үшін біздің қолымызда барлық құралдар бар. Қажетті резерв көлемі де жеткілікті, ол өткен жылғы егінді есепке алғанда, 1 млн тоннаны құрайды. Бұл қорды тек астыққа ғана емес, мал шаруашылығы саласын қолдауға да қолданамыз. Сондықтан әлеуметтік нанның бағасы бірден өспейді. Осыған байланысты нан бағасы қолжетімді мөлшерде болады деп болжаймын, - деді ведомство басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Ұлттық жобаның басым тұстарын атаған болатын.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық жобада ет, жеміс, көкөніс, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен өңдеуге басымдық беріледі. Сонымен қатар ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйе қалыптастырылады. Бұл қосылған құны жоғары түпкілікті қазақстандық өнім жасауға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді.

 baq.kz 




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 14:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31