Нарық

Нанотехнология: Алматыда ғалымдар асфальттің жаңа түрін сынап көреді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Алматы қаласында Төле би көшесінің бойында (Өтеген батыр мен Саин көшелерінің аралығы) ҚазжолҒЗИ мамандары асфальтбетонды жабынның жоғарғы қабатына көміртекті наноұнтақ қосылған тәжірибелік алаң (ұзындығы - шамамен 100 м) салды.

 

«Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ мәліметінше, бұл жұмыс «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығымен жасалған «Нормативтік -техникалық базаны жетілдіру бөлігінде жол қызметін басқару бойынша жұмыстар» келісімі аясында жүргізіліп жатыр.

 

«Негізгі мақсат - тәжірибелік-экспериментті зерттеу нәтижесі бойынша көміртекті наноұнтақ қоспасын енгізу арқылы жол битумы мен асфальтбетонның техникалық сипаттамаларын жақсарту»,- делінген ресми хабарламада.

 

Айта кетейік, көміртекті наноұнтақ қосылған битум мен асфальтбетон өндірісі «Асфальтбетон-1» ЖШС базасында жасалған.

 

 

 

 

 




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 11.10.2021, 08:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қараша, 14:31
    Мұнай күрт қымбаттады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31