Нарық

Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

  • Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

    Наурыздан бастап Қазақстанда пойыз билеті қымбаттайды

2021 жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыт бойынша теміржол билетінің құны 7%-ға артады, &ndash деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Компания бағаны өсіру туралы шешімін жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандығымен түсіндірді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алған екен. Аталмыш вагондар Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей бағытында қатынайтын жолаушылар пойызының құрамында.

Сондай-ақ осы жылдың І тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізіліп, Алматы-Маңғыстау, Қызылорда&ndashСемей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының құрамында болмақ.

aikyn.kz




Көрілген: 2123    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:30
    Доллар арзандады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31