Нарық

Назарбаевтың қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні белгілі болды

  • Назарбаевтың қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні белгілі болды

    Назарбаевтың қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні белгілі болды

Елбасының бастамасымен ауылдарда тұратын көмекке зәру 80 мың отбасыға біржолғы атаулы көмек көрсетіледі

"Birgemiz" қоры біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін бастайды. Бұл жолы көмекке мұқтаж 80 мың отбасыға 50 мың теңгеден беру жоспарланып отыр.

Бұл туралы "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек хабарлады.

"Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Birgemiz" қоры таяуда біржолғы атаулы көмек көрсетудің төртінші кезеңін ұйымдастырады. Елбасының бастамасы бойынша көмек қамқоршылар кеңесінің шешімімен ауылдық елді мекендерде тұратын аса мұқтаж 80 мың отбасыға бағытталады", - деп жазды ол Instagram-да.

Бұдан бөлек, ол Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан Достық ауылының тұрғындарына салынып жатқан жаңа үйлердің құрылысы биыл шілдеде аяқталатынын атап өтті.

Назарбаевтың бастамасымен құрылған "Birgemiz" қорына меценаттардан 28 миллиардтан аса ақша түскен. 23 ірі қалада, сондай-ақ, оларға іргелес шағын қалалар мен ауылдарда 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден алды.

Сонымен қатар, қор ақшасы коронавируспен күреске тартылған медицина қызметкерлерін қолдауға және тұрмысы төмен 100 мың отбасыны тегін маскамен қамтамасыз етуге бағытталды.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.06.2020, 16:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31