Нарық

Несие кешірілген соң АӘК беру тоқтатыла ма?

  • Несие кешірілген соң АӘК беру тоқтатыла ма?

    Несие кешірілген соң АӘК беру тоқтатыла ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан "несиесі кешірілгендерге атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады" - деген қауесетке жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


WhatsApp мессенджерінде хабарлама алмасқан сурет таралған. "Сәлеметсіз бе. Біз Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай ауылының тұрғынымыз. Біз атаулы әлеуметтік көмек алушымыз, енді ол ақшада тоқтатылады дейдіестуіміз бойынша. Себебі біздің несиемізді үкімет жауып бергені үшін,олда кіріске кіреді екен. Ол қалай сонда, шындық па? Сондай заң шығып жатыр дейді", - делінген мессенджерде тараған хабарламада. Еңбек министрлігінің өкілдері, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. "Бұл мүлде олай емес. Неліктен екенін білмеймін, кім мұндай ақпарат таратып жатыр, бірақ Мемлекет басшысы Жарлығында сәйкес кешірілген сомалар АӘК тағайындау кезінде кіріс ретінде есептелмейді. Мұндай жоқ. Егер мұндай нәрселер айтылып жатса, сол жерді тексеру керек. Анықтайтын боламыз. АӘК алатындар бұрынғыша алып жатыр. Кейбір жерлерде тоқтатылып жатыр, бірақ оның несиенің өтелуімен еш қатысы жоқ", - деді Нариман Мұқышев. Мұның алдында қазақстандық 21 мың отбасы АӘК алу үшін негізгі табысын жасырғаны анықталған еді. Олардың арасында Алматыда үш қабатты коттеджі, қымбат көліктері мен бірнеше дүкендері бар адамдар да болған.

 




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.09.2019, 17:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31