Нұр-Сұлтанда азық-түлік бағасын көтерген дүкен иелері жауапқа тартылды

20 қаңтар 2022, 09:39

Елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін күн сайын мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Мониторинг нәтижесі бойынша 8 бизнес субъектісінде сауда үстемесінен асыра баға қосу байқалды. Әкімдік аталған нысандарды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізіп, «ескерту» түрінде ұйғарымдар шығарған. Ал 4 дүкенге қатысты бағаны көтергені үшін әкімшілік шаралар қабылданды. Олар: «Элит Ет» дүкендері, «Алтай» Тілендиев даңғылындағы «Ет дүкені» және «Жастар» СҮ. Әкімдік мәліметінше, баға көтерілген жағдайда кәсіпкерлерге ең қатаң шаралар қолданылады.