Нарық

Нұр-Сұлтанда бір қолға азық-түлік сатып алуда шектеу енгізілді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Нұр-Сұлтанда бір адамға азық-түлік сату бойынша шектеу енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Нұр-Сұлтан қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Бүгіннен бастап елордада карантин енгізілді. Осыған байланысты барлық ірі сауда орындары жабылған. Оларда азық-түлік пен қажетті тауарларды сататын нысандардан басқа дәріханалар, банктердің кассалары қалыпты жұмыс істейді. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген нысандар қалыпты режімде үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге; санитарлық және дезинфекция шараларын күшейтуге; кезекте тұрған сатып алушылардың арасында 1 метр қашықтықты қамтамасыз етуге тиіс», - деді ол.

 

Мұнан бөлек, оның атап өтуінше, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарларға бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге, азық-түлік тауарларының оның ішінде көкөністер мен жемістерден басқа сусымалы тауарлар мен кептірілген жеміс-жидектерді қапталған күйінде сатуға міндетті.

 

«Сусымалы тауарларды яғни қант, күріш, қарақұмық сатуды бір қолға 5 келіге дейін, күнбағыс майын - 5 литрге дейін шектеуі тиіс. Қоғамдық тамақтану орындары да, атап айтқанда мейрамханалар, дәмханалар, асханалар жабылады. Сондай-ақ, олар онлайн тапсырыс беру мен жеткізуді бойынша жұмыс істей алады. Карантин кезеңіндегі елорданың барлық басқа шаруашылық нысандары жұмысы тоқтатылуы тиіс. Бұл мәжбүрлі шара. Өйткені адам денсаулығы басым болуда. Сондықтан түсіністікпен қарауыңызды сұраймын», - деді Ерлан Бекмырзаев.

 

 




Көрілген: 278    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 14:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30