Нарық

Нұр-Сұлтанда нан бағасы 95 теңгеден аспайды

  • © Sputnik / Алексей Сухоруков

    © Sputnik / Алексей Сухоруков

Елордада нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Бұл туралы қаланың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмырзаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Былтыр біз сегіз мың тонна ұн сатып алдық. Бұл бір жылға жететін көлем. Тиісінше нан бағасы 95 теңгеден аспайды. Азық-түлік барлық ірі сауда орталығы мен базарларда сатылады. Дүрлігуге еш себеп жоқ. Сауда орындарының сөрелері тауарларға толып тұр", - деді ол астанада өткен баспасөз мәслихатында.

 

Ол қалаға азық-түлік таситын жүк көліктеріне кіріп-шығуға шектеу жоқ екенін айтты.

 

Блокпостарда тауардың құжаты, бағдар парағы, жүргізуші мен экспедитордың денсаулығы тексеріледі. Көлік қоймаға жеткеннен кейін жүгін түсіріп, бірден кері қайтады. Бағдардан ауытқуға жол берілмейді.

 

"Әрбір жүк онлайн режимде қадағаланады", - деді Бекмырзаев.

 

Бұл үшін "Блок-пост" мобильді қосымшасы іске қосылған, ол Сергек камераларымен интеграцияланды.

 

Оның айтуынша, қазіргі таңда астанада 48 мың тонна азық-түлік қоры бар. Бұл шамамен бір айдағы тұтыну нормасы.

 

19 наурыздан бастап Қазақстан астанасы мен Алматы карантинге жабылды. Елорда тұрғындары 22 наурызға дейін қала аумағына кіріп үлгеруі керек, әйтпесе шектеу алынып тасталғанға дейін күтуіне тура келеді.

 

Талапкер, Қараөткел, Қосшы, Жібек жолы, Шұбар елді мекендерінің тұрғындары астанаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады.

 

 




Көрілген: 262    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 16:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31