Нарық

Нұр-Сұлтанда вокзал мен әуежай арасында жер үсті метросын салуға 2 миллиард доллар қажет

  • Нұр-Сұлтанда вокзал мен әуежай арасында жер үсті метросын салуға 2 миллиард доллар қажет

    Нұр-Сұлтанда вокзал мен әуежай арасында жер үсті метросын салуға 2 миллиард доллар қажет

Үкімет жерүсті метросының құрылысына ақша іздеуге кірісті, - деп хабарлайды КТК арнасы. Бірақ қаржының қашан табылатыны белгісіз. Десек те, шенеуніктер құрылысты қалай да бітіреміз деп сенімді түрде айтып отыр.


"Бұл жобаны әрі қарай жүргізу қажет. Қазір мемлекеттік Қытай банкімен қазір тиісті келіссөздер жүргізілуде. Бұны әрі қарай іске асыру үшін Қазақстанның ішінен тиісті қаржыны табамыз", - деді қаржы министрі Әлихан Смайылов. Құрылыстың тоқтап қалғанын өткен аптада Елорда әкімі премьер-министрге жеткізген еді. Бұған Қытайдың даму банкі бөлген ақшаның таусылуы себеп. Қазір метроны салып жатқан қытайлық консорциум уәде етілген қаржының кезекті бөлігін күтіп отыр. Әйтсе де, тоқтап қалған құрылыстың қашан жанданатыны белгісіз. Айта кетейік, "Нұрлы жол" вокзалы мен әуежай арасын жалғауы тиіс тиіс жоба он жыл бұрын бекітілген еді. Алайда 2 миллиард долларға бағаланған 22 шақырымдық метро жолының қазір бетондары ғана қалқайып тұр.

 




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.04.2019, 10:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31