Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Нұрәлі Әлиевтің компаниясы тексеріліп жатыр

07 сәуір 2022, 19:11

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәлі Әлиевтің компаниясында тексеріс жүріп жатыр. Мемлекетке келтірген шығыны болса, өтемақы төлейді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысында айтылды.

 

«Нұрәли Әлиевтің "Транстелеком" АҚ-сы қазір Каспий теңізінің асты арқылы талшықты оптикалық желі тартумен айналысады. Бірақ Әзірбайжан елімен келісімге келе алмай жұмысты уақытылы бітіре алмаған.Сондықтан комиссия мүшелері бұл маңызды шаруаны Әлиевтің компаниясына сеніп тапсырмау керек», делінген ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің ақпарында

 

"Транстелеком" компаниясын Нұрәлі Әлиев 2021 жылы жазда сатып алған. Қазір "Транстелеком" АҚ-ның 75 пайыз акциясы Әлиевтің "Unit Telecom" ЖШС-на тиесілі. Қалған 24 пайызы Қазақстан Темір жолының үлесінде.