Нарық

Нұрлан Ноғаев: Бензин бағасын нарық реттейді

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Қазақстандағы мұнай өндірісі 2020 жылға бекітілген жоспар бойынша іске асырылады. Бұл туралы Үкіметте Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, бензин бағасы қазір тұрақты. Оның құны ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр.

 

Ал қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұловтың айтуынша, биыл қара алтын экспортынан Ұлттық қорға 4 триллион 816 миллиард теңге түседі деп жоспарланған. Бірақ әлемдік мұнай бағасы 25 доллардан төмендесе, экспорттық кедендік салық бойынша бюджетке түсім болмайды.

 

Дегенмен, бюджет бағаның құбылуынан барынша қорғалған. 2000 жылдың ортасында бекітілген ережелер осыған негіз болып отыр. Оған сәйкес мұнай-газ саласынан түскен барлық қаржы тікелей Ұлттық қорға құйылады.

Ал Ұлттық қордан жыл сайын бюджетке 2,7 триллион теңге кепілдендірілген трансферт жасалады және мұнай бағасы кепілдендірілген сомаға әсер етпейді.

Сонымен қатар министр ОПЕК+ қатысушыларының қара алтын өндірісін төмендету туралы келісімге келмеуіне байланысты пікір білдірді.

 

Нұрлан Ноғаев, ҚР Энергетика министрі:

 

- Наурыздың басында болған отырыста 31 наурызда бітетін келісімшарттың шартын ұзарту жөніндегі келісім болатын. Сол үшін жиналғанбыз. Ол кезде ондай шешім қабылданған жоқ. Бірақ ОПЕК+ аясындағы 24 мұнай өндіруші, мұнай экспорттаушы елдердің арасындағы қарым- қатынас жойылмайды. Өзара хартия бар келісілген. Яғни, нарықтағы мәселелерді бірге отырып қарастырамыз.

 

24.kz

 




Көрілген: 189    Пікірлер: 0

сейсенбі, 10.03.2020, 14:24

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30