Нарық

Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

ҚР Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі аясындағы қадамдар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Коронавирустың таралуы, қатаң шектеу шаралары, мұнайға деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің бұзылуы, әлемдік мұнай мен мұнай өнімдері қорларының ұлғаюы және соған байланысты мұнай қоймаларының толып кетуі және көптеген мұнай өндіруші елдерде, соның ішінде Қазақстанда мұнай өндірісін тоқтату қаупінің туындауы салдарынан Үкімет «Көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауы учаскелерін пайдалануға уақытша шектеулер енгізу туралы» қаулы жобаларын қабылдаған болатын. Үкімет және ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдер мұнай өндіру көлемін қысқарту аясында қабылдаған шаралардың нәтижесінде, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мұнайдың бағасы 1 баррель үшін 18–ден 50 долларға дейін өсті», - деді министр.

 

Оның айтуынша, осындай бағалармен мұнай экспортынан түсетін есептік пайданың өсімі, өндірісті шектеуді ескергеннің өзінде 2020 жылы шартты түрде 10 млрд және 2021 жылы 14 млрд құрайды.

 

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы қоймаларындағы мұнайдың коммерциялық қорлары 3214 млн баррельден 3077 млн баррельге дейін төмендеді», - Н. Ноғаев.

 

 

 




Көрілген: 1133    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30