Нарық

"Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы қалай үй алуға болады?

  • Көрнекі фото: pixabay

    Көрнекі фото: pixabay

"Нұрлы жер" бағдарламасы еліміздің тұрғындарына тиімді шарттармен баспаналы болуға мүмкіндік сыйлайды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Басылымның мәліметінше, 2019 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 20 мың пәтер салыну жоспарлануда.


Бағдарламаға тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар да қатыса алады.


Ол үшін тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім шарт болуы керек.


Ипотекаға алатын пәтердің бір шаршы метрінің бағасы:


* 180 мың теңгеге дейін – Астана, Алматы және аталған қалалар маңындағы аймақтар, Атырау, Ақтау;


* 140 мың теңгеге дейін – басқа аймақтар.


Тұрғын үй аумағы – 80 шаршы метрге дейін болуы тиіс.


Тұрғын үйдің кем дегенде 50%-ы әкімдік кезегінде тұрған азаматтар арасында үлестіріледі.


Несие мөлшерлемесі – 5%-дан, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – 5,2%-дан басталады.


Бастапқы жарна – үй құнының 20%-нан құрауы қажет.


Егер салымшының депозитіндегі жеткілікті соманың басы құралса, бағдарлама бойынша таңдап алған үйді ала алады.


Үміткерге қойылатын талаптар:


* Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман мәртебесіне ие;


* Қазақстан Республикасы аумағында үміткер мен оның отбасы мүшелерінің атында тұрғын үй болмауы керек;


* соңғы 5 жылдың ішінде тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлату деректері болмау керек (ХҚКО-да берілген анықтама);


* Астана мен Алматы үшін кем дегенде соңғы 2 (екі) жыл ішінде аталған қалаларда тұрақты тіркеуде тұру керек;


* басқа қалалар үшін - үміткердің тұрғын үй алғысы келетін елді мекенде тұрған мерзіміне қарамастан, сол жерде тұрақты тіркеуінің болуы.


Ипотека алу үшін не істеу керек:


1. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен депозит ашып, тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім шарт бекіту.


2. Baspana.kz сайтында Бағдарламаға қатысу туралы өтінім беру. Барлық өтінімдер пул, яғни ұпай саны бойынша үміткерлер тізімі түрінде түзіледі. Пул мен ұпай есептеу туралы толығырақ мына жерде (hcsbk.kz/ru/affordable-housing/helpful-information/pools-and-the-calculation-points/.


3. Депозитте үй құнының кем дегенде 20%-на тең бастапқы жарнаны жинау немесе бірден құю.


4. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бөлімшесінде өтінім беру және төлем қабілеттілігін тексеруден өту (құжаттар тізімі мына жерде( hcsbk.kz)).

5. Әкімдікпен сату-сатып алу келісім-шартын бекіту.


6. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен заем алу. 




Көрілген: 795    Пікірлер: 0

жұма, 02.08.2019, 16:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31