Нарық

Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты

  • Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты

    Нұрымбетов 42 500 теңгені заңсыз алатындарды алда не күтіп тұрғанын айтты

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жәрдемақыны заңсыз алғандардан ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айына төленетін әлеуметтік төлемді заңсыз алғандарға қандай жауапкершілік қарастырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр, ең алдымен, жұмыс берушілердің жауапкершілігіне тоқталды.

"Егер ертең жұмыс берушінің жалақысын алып жүргені, тұрақты жұмысы бар қызметкерлер үшін өтініш берілгені анықталса, әрине, ол заңбұзушылық. Бұл жағдайда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сол мекеменің үстінен шағымданып, ақшаны қайтаруды талап етеді. Егер орындамаса, сотқа жүгінуге мүмкіндігі бар. Әрі қарай барлығы соттың шешіміне байланысты", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Ол 42 500 теңгені заңсыз алған жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін де жауапкершілік барын ескертті. Егер карантинге байланысты жұмысы тоқтамағаны анықталса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ақшаны қайтаруды сұрауы мүмкін.

"Сондықтан ертең қосымша сұрақтар туындамас үшін өтінішті табысыңыздан айырылсаңыз ғана беріңіз", - деді министр.
 




Көрілген: 207    Пікірлер: 0

бейсенбі, 16.07.2020, 16:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Қыркүйек, 18:20
    Жалақымен баюға бола ма?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30