Нарық

Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты

  • Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты

    Нұрымбетов жәрдемақы төлеу кезінде әділетсіздікке жол беріліп жатқанын айтты

Қазақстанда кейбір заңнамалық актілерге әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедек бала тәрбиеленіп жатқан отбасыға екі жәрдемақыны қатар алуға құқық беруді ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр Біржан Нұрымбетов азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы туралы айтып берді.  

Оқи отырыңыз: Депутат Бектаев әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды 

"Өкінішке қарай, біздің қолданыстағы заңнамамызда әлеуметтік тұрғыдан әділетсіз нормалар бар. Бірнеше мысал келтірейін. Бізде бірінші топтағы мүгедекті күтуге жәрдемақы қарастырылған. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жәрдемақы адам бала кезінен мүгедек болса ғана беріледі. Ал ересек кезінде мүгедек болып қалғандар не істейді? Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасау жәрдемақысын барлығы алу үшін біз мұны түбегейлі өзгерткіміз келеді", - деді Нұрымбетов Азаматтық форумда.

Ол мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға қатысты тағы бір мысал келтірді.   

"Отбасы асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекет тарапынан балаларға жәрдемақы беріледі. Ал мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұдан құр қалады &ndash мұндай кезде заң мүгедектік бойынша жәрдемақы алып отырсың дейді. Біз бұл әділетсіз деп санаймыз. Сондықтан осы заң жобасында бұл жағдайда мүгедектігі бойынша жәрдемақы мен  асыраушысынан айрылғандарға берілетін жәрдемақыны қатар алу жағын қарастырамыз", - деп толықтырды министр.
Сондай-ақ, мүгедек деген ұғымды "мүгедектігі бар адамға" ауыстыру, мүгедектіктің 1-2 тобы анықталған жағдайда, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған және 18 жасқа дейін тұрғын үй алған отбасылардың баспана алу кезегін сақтау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында 2023 жылдан бастап инватакси қызметін көрсету, 7 жастан 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыра отырып, мүгедектік топтарына бөлу қарастырылады




Көрілген: 2138    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.11.2020, 00:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31